2024 жылдың 19 қыркүйегінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға кафедра меңгерушісі, ф.ғ. к. Б.Н. Есимкулов, оқытушы-дәріскерлер К. А. Чеснокова, А. К. Жазыбекова, «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 4 курс студенттері (РЯЛ-411, РЯЛняо-412 топтары) және олардың эдвайзері М.К. Абайдельданова қатысты. Кураторлық сағаттың мақсаты – Жолдаудың мақсаты, міндеттерін мен мазмұнын талқылау. Іс – шараны кафедра меңгерушісі, ф.ғ. к. Б.Н. Есимкулов ашты, ол Президенттің Жолдауы – ел дамуының ұзақ мерзімді жоспары баяндалған маңызды құжат екенін атап өтті. Бұдан әрі Жолдауды белсенді талқылау өтті, оның барысында студенттер өз пікірлерімен бөлісті және Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді. Өткізілген дөңгелек үстел студенттік ортада осы стратегияның барлық негізгі мәселелері туралы хабардарлықты кеңейтуге ықпал етті.