Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы 2024 жылдың 16-20 қыркүйек аралығында кондоминиум объектілерін басқару органдары басшыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырды және өткізді. Дәріс және практикалық сабақтарды экономика ғылымдарының кандидаты М.Б.Сейсекенова және мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі Д.С.Нигматулина өткізді. Осы курс шеңберінде ПИК, МИБ төрағалары, Талдықорған қаласының басқарушы компанияларының басшылары көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың нормативтік-құқықтық негіздерімен танысты, көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау бойынша шешімдер қабылдау, ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізу, бекітілген әдістеме бойынша шығыстар сметасын жасау, тұрғын үй қоры саласындағы тәуекелді бағалау дәрежесінің өлшемшарттарын айқындау мәселелерін зерделеді. Сабақ барысында басқарма органдарының берешекпен жұмыс істеу, энергия үнемдеу, пәтер иелерімен және сервистік компаниялармен шарттар жасау жөніндегі қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар берілді. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.