Президенттің Жолдауын талқылауға арналған кураторлық сағат.

2024 жылдың 25 қыркүйегінде Физика-математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының АЖҚ111 топ білімгерлеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағатта Жолдаудың бағыт-бағдары, мақсат-міндеттері түсіндірілді. Білімгерлер бес бағыт бойынша өз ойларын білдіріп, жасалынып жатқан жұмыстарға талқылау жүргізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: Жолдаудың бағыт-бағдары, мақсаттары және міндеттерімен таныстыру.
Қатысқандар: топ кураторы Мурсакимова Г.А. және топ білімгерлері.