24-25 қыркүйек күндері Алматыда Satbayev University базасында Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты ұйымдастырған «Archive hack: Ақылды архив» хакатоны өтуде. Іс-шараға физика-математика факультетінің студенттері де қатысуда.
Хакатон — қатысушылардың командалары белгілі бір міндеттерді шектеулі мерзімде шешуге тырысатын іс-шара болып табылады. Мұндай кездесулердің негізгі міндеті — жаңа технологиялар мен креативті тәсілдерді қолдана отырып, қысқа мерзімде инновациялық шешімдерді әзірлеу.
Хакатонның негізгі мақсаты — инновациялық жобаларды құру арқылы студенттер мен оқушыларды мұрағат материалдарымен жұмыс істеуге тарту. Қатысушылар архивтік деректерді цифрландыру, басқару және қорғау салаларында инновациялық жобаларды әзірлейтін болады.
Қатысушылар үш бағытта жарысады: Young Archivists Initiative, Designing Heritage, Tech Solutions for Heritage.
Қазылар алқасы әр санаттағы жеңімпаздарды анықтайды, ал Хакатонның жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Оқушылар үшін білім беру гранттары қарастырылған.