«Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» атты гранттық жобаның (ҚР ҒЖБМ) 2024 жылға арналған жоспары аясында жоба жетекшісі Ш.Кыяхметованың құрастыруымен «Архивтік құжаттар жинағы», «Ілияс Жансүгіровтің жарияланбаған туындылары» жинақтары, жоба мүшелері М.Джакыпбекова, Н.Мырзабек, М.Баратова авторлығымен «Ономастикалық сөздік. Топонимдер. (Ілияс Жансүгіровтің поэзиялық шығармалары негізінде)» атты сөздік және жоба мүшесі М.Имангазиновтың авторлығымен «Ильяс Жансугуров» (орыс тілінде) монографиясы жарық көрді.