Академиялық ұтқырлық аясындағы Италия Республикасы Марке политехникалық университеті докторларының дәрісі.
Жаңа оқу жылынның басынан жаратылыстану-техникалық факультеті оқу үрдісіне шетелдік ғалымдарды тартуды бастап кетті.
23.09.2024ж. – 18.10.2024ж. Студенттер үшін рейтингі жоғары, ғылыми басылымдардағы жарияланымдары бар жетекші, шетелдік жоғары оқу орындарынан шетелдік сарапшыларды тарту жөніндегі жоспар-кестені іске асыру мақсатында Марке политехникалық университетінің (Италия, Анкона қ.) ауыл шаруашылығы және технологиялары ғылымдарының докторы Sara Ruschioni, және философия докторы Luka Mazzoni «Экология және ауылшаруашылығы ғылымдар» кафедрасы, 6В08102 – «Агрономия» мамандығы бойынша 2 – курс білімгерлеріне «Agricultural entomology and zoology (entomology)» пәнінен дәріс оқуға келді.
Шетелдік ғалымдарды жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы,техника ғылымдарының докторы,қауымдастырылған профессор (доцент) Андасбаев Е.С факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен таныстырды және қос дипломды агрономия мамандығы бойынша болашақ жоспарлар туралы пікір бөлісті.