ZHETYSU UNIVERSUTY — «KAZENERGY» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «7.Pro» командасы 26 жоғары оқу орны қатысқан Республикалық зияткерлік сайысында бас жүлдені жеңіп алды.

Іс-шара энергетикалық мәселелердің инновациялық шешімдерін ұсынатын студенттік жобаларды қолдауға бағытталған.

Жетісу университетінің командасы KAZENERGY ұйымдастырған  «Student Energy Challenge» Республикалық байқауының 8-ші маусымына «Silk route» жобасымен қатысты. «Silk route» – бұл екі бағыттан тұратын, негізгі құрамы табиғи шунгит шикізатынан құралған көпсалалы өнім. Жобаның бірінші өнімі ауылшаруашылық секторына арналатын тыңайтқыш және препараттар. Жобаның екінші бағыты шунгит шикізатынан тұратын “Silk Route” фильтрі.

Команда мүшелері: Мейрамбек Омархан, Жанбол Байбол (құқық және экономика факультеті), Ерасыл Жасқайратұлы (дене шынықтыру және өнер факультеті).

Студенттер жобалық жұмыстарын одан әрі зерттеу үшін 5000$ көлемінде грант иеленді.

Іс-шараны KAZENERGY қауымдастығы 2017 жылдан бері «Shell Kazakhstan» компаниясының қаржылық қолдауымен өткізіп келеді.

Жетісу университетінің «7.Pro» командасын жеңісімен құттықтаймыз!