«Ғылыми жұмыстарды жазу және рәсімдеу»

27.09.2024 жылы физика–математика факультеті, информатика және білімді цифрландыру кафедрасының п.ғ.к.,қауымдастырылған профессор (доцент) А.О.Алдабергенова 6В01505-«Информатика» және 6В01502-«Математика-Информатика» білім беру бағдарламаларының дипломдық жұмыс жазатын 4 курс білімгерлеріне «Ғылыми жұмыстарды жазу және рәсімдеу» тақырыбында  семинар өткізді.   Семинарда ғылыми тақырыбын таңдау өзектілігі, зерттеудің әдістері, ғылыми-практикалық маңыздылығы және т.б. мәселелер қарастырылды. Білімгерлер белсенді түрде сұрақтарын қойып, оларға жауаптарын алды.