ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

27 қыркүйек 2024 жылы Жаратылыстану-техникалық факультетінде «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы халықаралық тәжірибелер» атты Халықаралық ғылыми семинар өтті.

Семинар барысында жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі Оксикбаев Б.К. Жилин университеті, Биік таулар биологиясы институтының (Словакия)  және Хаджеттепе университетінің (Түрік республикасы) ғалымдарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қонақтары Жилин университеті, Биік таулар биологиясы институтының (Словакия) профессорлары Janiga Marián, Haas Martina және Марке политехникалық университетінің (Италия)  пофессорлары Mazzoni Luca, Ruschioni Sara өздерінің ғылыми бағыттарымен, жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Жас ғалымдар мен семинар қонақтары өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Сонымен қатар, алдағы уақыттағы бірлескен халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жоспарлар талқыланды.