«Ұстазын ұлықтаған -ел бақытты»Салтанатты жиын

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1 – қазан Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған «Ұстазын ұлықтаған — ел бақытты» атты мерекелік жиын өтті.

Жиын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауымен басталды. Еліміз бойынша алғаш рет аталып отырған мерекемен университет ұжымын Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев құттықтап, оқытушылар мен қызметкерлерге жылы лебізін білдірді.


“Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін бағыт болғандықтан сала қызметкерлеріне арнайы мереке күнін белгілеу орынды шешім деп санаймын. Өркениетті елдің ертеңі кемел білім мен ғылымда болса, бұл жолдың бастаушысы —әрине оқытушы қауымы»-деді ректор.


Жиынға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев қатысып, бірқатар қызметкерлерді облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапаттады. Жетісу университетінің түлегі ретінде Марлен Қапашұлына ректор Ілияс Жансүгіров төс белісін тақты.


Кәсіби мерекеге орай көп жылғы еңбегі, білім беру және тәрбие жүйесін дамытуға қосқан үлесі, лауазымдық міндеттерін абыроймен атқарғаны үшін университеттің оқытушылары мен қызметкерлері Ғылым және жоғары білім министрлігінің және университет ректорының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.