ТОО «Темирбетон»

28.09.2024 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Экология және ауылшаруашылық ғылымдар кафедрасының оқытушы-ассистенты М.Кульджатаев “Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі” білім беру бағдарламасының 4 курс білімгерлерімен мамандықтары бойынша “ТОО Темір Бетон” өндірістік мекемесінің арнайы бункерінде практикалық сабақ өткізілді. Практикалық сабақ барысында желдеткіш құралдары мен арнайы қорғаныс құралдарымен танысып қайтты. Мекеменің қауіп қатерге дайындығымен танысып, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары талқыланды.