Huawei ICT Competition 2024-2025

2024 жылғы 8 қазанда Huawei халықаралық ынтымақтастық орталығы мен нұсқаушыларының қолдауымен Физика-математика факультетінің 1-3 курс студенттері үшін «Ақпараттық жүйелер», «Ақпараттық жүйелер архитектурасы» және «SMART-жүйелерді жобалау» бағыттары бойынша білім алушыларға арналған семинар өтті. Іс-шараны Huawei компаниясының өкілдерінің ұйымдастыруымен «Huawei ICT Competition 2024-2025» халықаралық байқауына арналды.

Байқаудың мақсаты-өз елдерінде цифрлық технологиялардың дамуына елеулі үлес қоса алатын талантты студенттерді анықтау және қолдау. Бұл беделді жарысқа жыл сайын бүкіл әлем бойынша 2 мыңнан астам жоғары оқу орындарынан 170 мыңнан астам студент қатысады.

Байқаудың финалистері ұлттық және аймақтық іріктеу кезеңдерінен өтіп, өз жетістіктерін Қытайдағы жаһандық финалда ұсынуға мүмкіндік алады.