10.10.2024ж. Педагогика және психология факультетінде «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін зерттеу құзыреттіліктері арқылы дамыту» жобасы аясында «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылды.
Мақсаты: «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби-шығармашылық іс-әрекетке даярлау» ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерімен таныстыру және оларды талқылау
Семинар тақырыбы бойынша Педагогика және психология кафедрасының оқытушы-ассистенті Ахметсапа А.Е баяндама оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Педагогика және психология факультетінің оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.

