ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

Ғылым және білім беру саласында тәжірибе алмасу мақсатында «Ақпараттық білім беру ортасы жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ физика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру» гранттық қаржыландыру жобасын (ЖТН AP22683901) іске асыру аясында Ә.Б.Абдулаева мен п.ғ.к. Н.Ж.Жанатбекова «Жоғары оқу орындарында физика-математикалық бағыттағы болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдіру: теория мен практика интеграциясы» тақырыбындағы ғылыми семинар жұмысына қатысты. Семинар И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің (Бішкек қ.) базасында өтті. Семинар барысында цифрлық платформалар мен виртуалды зертханаларды пайдалануды қоса алғанда, білім беру процесінде заманауи технологияларды қолдану мәселелері қарастырылды. Семинарға қатысушылар білім алушылардың сыни ойлауы мен өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру қажеттілігін ерекше атап өтті.