«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс – офицер бос қызмет орнына конкурс жариялайды.
Біліктілік талаптары:
1) құқық, экономика немесе қаржы саласындағы жоғары кәсіптік білім;
2) басшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, Қоғамның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін білу;
4) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті білімнің, тәжірибенің және біліктіліктің болуы;
5) ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттер мен дағдылардың болуы;
6) компьютерлік дағдылардың болуы;
7) Қоғам қызметінің ерекшеліктерін білу;
8) мемлекеттік және шет тілдерін білу.
Магистр немесе PhD докторы дәрежесіне артықшылық беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Басқарма Төрағасы-Ректордың атына жазылған өтініш;
- Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы, өмірбаян;
- Жоғары білім, магистр немесе PhD докторы дипломының нотариалды куәландырылған көшірмелері ;
- Мінездеме;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
- № 075 медициналық анықтама.
- Тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтама.
Құжаттар тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн. Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру керек:
Талдықорған қаласы,
Жансүгіров к., 187а,
І. Жансүгіров атындағы ЖУ
Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы
тел. 8(7282)22-00-51, ұялы тел. 87014899771