І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Welcome to Zhetysu university» атты 1 курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті.
Шараға Жетісу облысы мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева қатысып, университет табалдырығын аттаған студенттердің білім жолына сәттілік тіледі.
Университеттің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев жас білімгерлерді құттықтап, студенттік билет табыс етті.
«Студенттік шақ – адам өмірінің ең қызықты да ұмытылмас кезеңі. Әр күндеріңіз сапалы білім мен жарқын естеліктерге толы болсын!», – деді Болат Абдұлдаұлы.
1 курс студенттері Айару Жетпісбай мен Нұрсұлтан Тоқтасын ортаға шығып, «студенттік ант» қабылдады. Салтанатты шараны облыстық филармония әншілері әнмен әрлеп, өнерпаздар бимен көркемдеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
#SDG #ЦУР #ТДМ