2024 жылдың 15 қазан күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология факультетінің оқытушы-дәріскері Таурбекова Айнур Сапашовна 6В01301 «Бастауыш оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасының 1-3 курс білімгерлері және «Қызғалдақ» қыздар клубы мүшелерімен Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Бердібек Соқпақбаевтың – қазақ балалар әдебиетінің атасы» атты шара ұйымдастырды. Шарада қазақ балалар әдебиетінің жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың өміріне тоқалып, бастауыш білім беру үрдісіндегі «Әдебиеттік оқу» оқулықтарда берілген шығармаларының тәрбиелік мәні, мазмұны талданды, өлеңдері оқылып, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын, бүгінгі күнге дейін көрермендер сүйіп көретін, Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестиваліне қатысқан «Менің атым Қожа» фильімінен үзінді көрсетілді. Шара ұйымдастыру барысында Педагогика және психология факультетінің деканы, профессорлық оқыушы құрамы ат салысып жазушы туралы сұхбатқа қатысып өздерінің естеліктерімен бөлісті. Жалпы бұл шараның тәрбиелік мәні ерекше, өйткені жазушының Жанар бейнесіне сай, қазақ қыздарының бойындағы шаш өріп жүру мәселесі де айтылып, факультет қыздары арасында «Бұрымды қыз» акциясы жарияланды.