«Лудомания, нашақорлық – қоғам дерті»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  Жастар саясаты бөлімінің психологы Г.Исламжанованың ұйымдастыруымен «Лудомания, нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында студенттерге  арналған іс-шара өтті. Шараның мақсаты —  құмар ойын мен нашақорлықтың салдарын нақты мысалдармен түсіндіру. Жастарға лудомания және нашақорлықтың зияны туралы айтып, оның алдын алу шараларын көрсету.

Гүлнар Балабекқызы  білім алушыларға тәуелділіктің не екенін, соның ішінде, ойынқұмарлық, нашақорлық терминдерін түсіндіріп,  статистикалық мәліметтерден мысал келтірді. Іс-шараға Жетісу облысы психикалық денсаулық орталығының психиатр – дәрігері, суицидолог Бейбіт Мұстафа, нарколог – дәрігер Мақсат Ергабылов  қатысты. Мамандар өте маңызды ақпарат беріп, арнайы дайындалған бейнероликтерді көрсетіп, студенттермен ашық сұхбат жүргізді. Студенттердің пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.  

#SDG #ЦУР #ТДМ