Жетісу университетінің студенттері арасында өтетін дәстүрлі Спартакиада басталды

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  студенттері арасында өтетін  дәстүрлі Спартакиада басталды.

Жарыс жеңіл атлетика тоғызқұмалақ,  гір көтеру,  жүзу, кермеге тартылу, стол теннисі сияқты бірнеше спорт түрі бойынша өтеді.

Спартакиадаға барлық факультет және «Zhansugurov college» студенттері қатысуда.

Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев дәстүрлі шараның маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

#SDG # ЦУР #ТДМ