І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқықтық пәндер кафедрасы Жетісу облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Алибек Избасаровтың қонақ дәрісін өткізді.
Алибек Избасаров дәрісінде экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары мен заңнамадағы толықтырулар мен өзгерістерге тоқталды. Сондай-ақ, дәріскер экономикалық құқық бұзушылықтардың қоғамдағы маңызы, экономикалық қылмыстарды және заңнама саласындағы өзекті мәселелерді тереңірек түсіндіріп, студенттерге жан-жақты ақпараттар беріп, экономикалық құқық бұзушылықтар туралы видео роликтер көрсетті.
Дәріс соңында құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметінің білім беру бағдарламасының студенттері сұрақ қойып, толыққанды жауап алды.
#SDG #ЦУР #ТДМ