2024 жылғы 16 қазан күні Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «KazAELT» Ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығының ПОҚ-на арналған кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты — ағылшын тілдері мамандарының кәсіби тұрғыда дамуына, білімін жетілдіруіне баса назар аудару. Болашақтың тұтқасын мықты мамандар тәрбиелеу басты назарда болғандықтан, оқытушылар әрқашан өз білімдерін жетілдіріп отыруы керек. Осыған орай, «KazELT» қауымдастығының атқарар қызметі орасан зор. Қауымдастық тек қана республика көлемінде ғана емес, сондай-ақ шет елдік мықты мамандармен де ортақ жұмыс жасайды. Кездесу барысында Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы мен қауымдастықтың болашақ ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.