Қонақ дәріс

17 қазан 2024 жылы  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастырумен ҚР ӘМ «ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты»  Алматы облысы бойынша филиал директоры Салтанат Батырханова Құқықтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық білім берубілім беру бағдарламасының студенттеріне  «Құқықтық ақпараттандыру саласындағы тәжірибелік мәселелер» тақырыбы  бойынша қонақ дәріс өткізілді.

Дәріс барысында Салтанат Батырханова мемлекеттік органдар көрсететін қызмет бойынша халыққа консультациялық қызмет көрсету; кұқықтық көмек, заңды түсіндіру бойынша жұмыстар, халыққа көрсетілетін заңдық қызметтің сапалылығын қамтамасыз ету; халыққа анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетудің рөлін атап өтті. Заңнама саласындағы өзекті мәселелерді тереңірек түсіну үшін маңызды құқықтық базалардың қызметіне тоқталды. Кездесу соңында филиал директорына сұрақтарын қойып, жауап алды.

#SDG #ЦУР #ТДМ