Құттықтаймыз

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде  «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «Болашақ табысты ұстаз – ұлт кепілі» атты ХV республикалық пәндік олимпиада өтті. 

Оған Жетісу университетінің  Педагогика және психология факультеті «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған «Жалынды Жетісу жастары» командасы қатысып I  орынды жеңіп алды. 

Сондай-ақ, Аружан Болатқызы «Күш білімде» теориялық сайысында «Үздік студент» атанды.

#SDG #ЦУР #ТДМ