18.10.2024 Педагогика және психология факультетінде, оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасында «Менің кәсібім – менің мақтанышым» тәрбие іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: болашақ мұғалімдердің маңызды қасиеттерін қалыптастыру: педагогикалық қызметке ынталандыру, ұжымда жұмыс істей білу, педагогикалық импровизация, рефлексия қабілеті; болашақ бастауыш білім беру мұғалімдерінің коммуникативтік құзыреттілігін, шығармашылығын қалыптастыру.
Іс-шараға «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-4 курс студенттері мен магистранттары (К. Ингенбаева, Т. Иманғали, М. Қырбасова ) қатысты. Ұйымдастырушы: п.ғ.к., Н.Н. Ханина. Оқытушылар қатысты: PhD кафедра меңгерушісі Г.С. Майлыбаева, тәрбие-ісі жөніндегі деканның орынбасары Б. Асанбек, оқытушы ассистент М.Б. Мухашева.
Іс-шара барысында студенттері өздерінің бойындағы каллиграфия дағдыларын, ауызша халық шығармашылығы туралы білімдерін көрсете отырып, педагогикалық жағдайяттардан шыға білді және «күзгі мозаика»шығармашылық композициясы ұсынылды.