Қонақ дәрісі!

18 қазан күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қылмыстық істерді бойынша ерекше іс жүргізу» тақырыбында Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Абдулла Досанов, Әділет Бақытов қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында құқықтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық  білім беру бағдарламасының студенттеріне қылмыстық кодекстегі, қылмыстық процестік кодекстегі соңғы толықтырулар мен өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтты.

Соттың қызметі, оның негізгі функциялары және қаралған қылмыстық істер туралы айтып, соттың қылмыстық заңнамадағы құқықтық ұстанымдарының маңыздылығына назар аударды. Судьялар студенттер арасында қызығушылық тудырған Қылмыстық істер соттың құқық қолдану және маңызды шешімдеріне қатысты мәселелерді жан-жақты қарастырды.  Дәріс соңында Судьялар студенттерге алдағы уақытта жақсы білім алып, тәжірибелі заңгер болуларына тілектерін білдірді.

#SDG #ЦУР #ТДМ