ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАҒА ІС САПАР
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жобаның жетекші ғылыми қызметкері Мамиля Джакыпбекова 2024 жылдың қазан айының 3-і мен 13-і аралығында Алматы қаласына Ұлттық кітапхана мен Орталық мемлекеттік архивке іс сапарға барып қайтты. Іс сапар мақсаты – І.Жансүгіров шығармаларының этнографиялық сипатын зерттеу мақсатында этнографизмге қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық зерттеу еңбектерімен танысып, осы тақырыпта жазылған монографиялық еңбектің теориялық бөлімін толықтыру. Атап айтқанда, З.Ахметованың «Күретамыр», А.Әлімжанованың «Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты» монографиясын, Н.Игисинованың «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының мәдениеттеггі алатын орны», В.Бромлейдің «Этнография» оқу құралы мен ғылыми мерзімді басылымдардағы этномәдени лексикаға қатысты зерттеулер қарастырылды.