Гуманитарлық ғылымдар факультетінде өткен кезекті ғылыми баяндама

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шыныбекова Айжан Сахановна 2024-2025 оқу жылына арналған факультеттің ғылыми жұмысы жөніндегі жоспарына сәйкес 15-қазанда ФҚ-411 тобында  «Прагмалингвистикадағы сөйлеу актілерінің классификациясы, сипаттамалары» атты ғылыми семинар өткізді.  Тақырып факультет деңгейіндегі ғылыми семинар форматында ұйымдастырылып, студенттер арасында өзара пікірталасқа ұласты. А.С. Шыныбекова баяндамасында сөйлеу актілерінің негізгі түрлерін, олардың прагматикалық қызметін және тілдік қарым-қатынас үрдісіндегі ерекшеліктерін кеңінен талдап берді. Сонымен қатар, теориялық мәліметтерді нақты мысалдармен негіздеп, тыңдаушылардың ғылыми қызығушылығын оятты.

Іс-шара барысында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, ғылыми талқылау өткізді. Баяндамаға қатысушылар прагмалингвистика саласындағы зерттеулердің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстың болашағы зор екеніне тоқталды.