Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастырумен құқықтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық білім беру бағдарламаларының студеттеріне Талдықорған қалалық сотының судьясы Бекбосынов Алмас Хаирович ашық сот процессін өткізді.
Сот процессінің басты мақсаты жастар арасында қылмыстардың алдын алу, студенттердің теориялық білімдерін шыңдау, сот қызметінің түрлі бағыттары бойынша білімдерін меңгеру болып табылады.
Сонымен қатар сот процессін жүргізу кезінде адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сот әділдігі мен тәуелсіздігі және істерді қарау тәртібі бойынша тәжірибелік маңыздылығы көрсетілді. Сот процессіндегі негізгі міндеттері ретінде жеке тұлға құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, заңға қайшы іс –әрекеттердің алдын алу, студенттердің сот жүйесіне деген сенімін арттыру, судьяның өз əрекеттері мен шешімдері үшін жеке-дара жауапкершілігі, сот ісін жүргізу тәртібі көрсетілді.
Іс шараның мақсаты – студенттердің теорияда алған білімін тәжірибеде қолдану, сот жүйесінде судья қызметін білу, болашақта білікті маман болып қалыптасу.
#SDG #ЦУР #ТДМ