22 қазан 2024 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультеті шетел тілдер және аударма ісі кафедрасының ұйымдастырыумен және 1-4 курс студенттерінің қатысуымен 25 Қазан Республика күніне орай «Ұлттық бірлік пен көптілділік: Болашаққа бағдар» атты Тілдер фестивалі өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен көптілділік қағидаттарын дәріптеу, әртүрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау болды. Фестивальді университеттің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Сериев Болат Абдулдаевич пен кафедра меңгерушісі Жабыкбаева Динара Маратовна ашып, университет оқытушылары мен студенттерін Республика күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында қазақ, қытай, түрік, корей және неміс тілдерінің мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды. Әр халықтың өзіне тән ұлттық киімдері, ұлттық тағамдары мен әдет-ғұрыптары көрсетіліп, кешімізді әсем ән мен биге бөледі. Іс-шара Қазақстанның көпұлтты және көптілді қоғамын нығайтуға бағытталған тәрбиелік мәні зор шара ретінде жоғары бағаланды. Фетивальдің қорытындысында белсеңді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ