«Effective Assessment: Types, Rubrics, and Grading»

18 қазан 2024 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушысы, Огайо штатында білім алып, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Қайрбек Арайгүл кафедраның ПОҚ-на арналған «Effective Assessment: Types, Rubrics, and Grading» атты семинар өткізді.

Семинардың басты мақсаты – оқытушылардың бағалау әдістерін жетілдіру, бағалау критерийлерін нақтылау және студенттердің білімін әділ бағалауда қолданылатын рубрикалар мен бағалау әдістерін тиімді пайдалану жолдарын түсіндіру болды. Семинар барысында Қайрбек Арайгүл қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі бағалау әдістерінің маңыздылығын атап өтті. Ол дәстүрлі бағалау түрлерімен қатар, формативті және суммативті бағалау әдістері туралы кеңінен айтып, олардың оқу процесіндегі рөлін түсіндірді. Қатысушылар бағалау жүйелерін жетілдіруге қатысты өз тәжірибелерімен бөлісіп, рубрикаларды тиімді қолдану арқылы студенттердің оқу нәтижелерін арттыруға болатындығын талқылады. Семинардың қорытындысы ретінде оқытушылар бағалау процесін жетілдіру жолдарын қарастырып, өз пәндерінде қолдануға болатын рубрикалар мен бағалау әдістерін әзірледі.

#SDG #ТДМ #ЦУР