Студенттер мен оқытушылар үшін ашық сабақ: тәжірибе алмасу және жаңа перспективалар

2024 жылдың 29 қазанында «Педагогика және психология» факультетінде оқытушы-дәріскер А. Есимбекова БПҚ 221 топта «Бастауыш сынып мұғалімінің диагностикалық іс-әрекетінің бағыттары» тақырыбында дәріс -конференция форматында ашық сабақ өткізді. Іс-шара әртүрлі факультеттерден тыңдаушылар жинап, оларды білім алмасу мен тақырыпқа тереңірек үңілуге мүмкіндік берді.

Сабақтың негізгі мақсаты – бастауыш сынып мұғалімінің диагностикалық қызметінің негізгі аспектілерін ашып көрсету және диагностика тек мұғалімге ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыға да жеке траектория құруға көмектесетіні туралы талқылау болды. Студенттердің баяндамалары қатысушыларды диагностика саласындағы танымал ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерімен таныстырып, кездесудің теориялық бөлігін байытып, диагностикалық әдістерді қолдану бойынша маңызды практикалық ұсыныстар қосты. Интерактивті формат пен белсенді талқылаудың арқасында барлық қатысушылар сұрақ қойып, өз пікірлерінмен бөлісті.

Осындай ашық сабақтар академиялық ортаны нығайтып, жаңа жетістіктерге шабыттандырады.