Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Жошы ұлысының 800 жылдығы ел көлемінде аталып өтілетінін және оның мемлекет тарихындағы маңызын атап өткен болатын. Осыған орай М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жошы ұлысының Қазақ хандығы тарихындағы рөлі» атты дөңгелек үстел өткізді. Оған тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, т.ғ.к., Е. Буланов қатысып «Жошы хан ұрпақтарының билігі» атты тақырыпта ғылыми баяндама оқыды.
#SDG #ЦУР #ТДМ