«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» AP23488199 «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» ғылыми жобасы аясында 2024 жылдың 21 қазан мен 06 қараша аралығында Беларусь мемлекеті, Минск қаласы М. Танк атындағы мемлекеттік педагогикалық университеті, Инклюзивті білім беру институты базасында «Инклюзивті білім беру жағдайында қолайлы орта қалыптастыру: ресурстар, механизмдер, құралдар» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан жобаға қатысушы ғалымдар офлайн және онлайн форматта өтті.
Тағылымдамадан жобаға қатысушы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті, Alikhan Bokeikhanov University ғалымдары өтті.
Тағылымдама барысында Инклюзивті білім беру институты ресурс орталығы, зертханаларда жүргізілетін тәжірибелік сабақтарға қатысып, мектеп жасына дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқу-тәрбие үдерісіне қосу шарттарымен танысып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қоса, Минск қаласының түзету-дамыта оқыту және оңалту орталығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қолайлы ортаны ұйымдастырудың ерекшеліктері мен мазмұнды жұмыстарымен танысып қайтты. Ғылыми тағылымдама соңында жоба орындаушыларына тағылымдамадан өткендігі жөнінде куәліктер табысталды.