2024 жылдың 11 қазанында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Jas galym» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға арналған университетішілік байқауы өткізілді. Байқауға 21 өтінім қабылданды, оның ішінде комиссия құрамының бағалауы бойынша 8 жоба жеңімпаз атанды. Соның ішінде Гуманитарлық факультет Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары жеңіп алды. Жоба тақырыбы: «Жетісу облысы музейлері: ГАЖ технологиялары негізінде», жоба жетекшісі: оқытушы-дәріскер, PhD Калиева Б.Т., жоба орындаушылары: оқытушы-дәріскер, магистр Касымова Н.Б., оқытушы-дәріскер, магистр Калелова Ж.У.