


2024 жылғы 10 қазан мен 8 қараша аралығында Педагогика және психология факультетінің Педагогика және психология кафедрасында Вильнюс университетінен (Вильнюс қаласы, Литва Республикасы) шақырылған шетелдік оқытушы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Eglė Šumskienė екі пән бойынша оқу курс өткізді:
- Арнайы педагогика және психологиядағы ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері
- Арнайы педагогикадағы деонтология
Оқу курсы 90 академиялық сағат көлемінде магистратура бағдарламасының келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға өткізілді: - 7М01902 Арнайы педагогика, 1 курс
- 7М01902 Арнайы педагогика, 1 курс (қысқы қабылдау)
- 7М01902 Арнайы педагогика, 2 курс
Оқу кезеңі аяқталғаннан кейін магистранттар жаңа білім меңгеріп, кәсіби дайындық деңгейін арттырғанын атап өтті. Оқытушы Eglė Šumskienė магистранттарға оқу үдерісіне белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Алғыс белгісі ретінде оқытушы университет атынан сертификатпен марапатталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

