Классикалық механика бойынша дәріс

Физика-математика кафедрасының оқытушы-дәріскері, ф.м.-ғ.к. Г.К.Калжанова «Классикалық механика» пәні бойынша «Физика» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларына ашық дәріс сабағын өткізді. Классикалық механика бойынша ашық дәріс сабағы тербелмелі қозғалыс тақырыбына арналды. Дәрістің мақсаты білім алушыларға тербелмелі қозғалыстарды сипаттау кезіндегі екінші ретті дифференциалдық теңдеулерді шешуді үйрету болды. Дәріс барысында оқытушы материалды өз бетінше түсінуге бағыттайтын сұрақтар қоя отырып білім алушыларды талқылау процесіне белсенді түрде тартты.