И. Жансүгіров атындағы университетінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында шетелдік әріптестермен бірлескен іс-шаралар өткізу жақсы дәстүрге айналды. 2024 жылғы 8 қарашада ПОҚ және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранттары үшін Г.И. Носов атындағы Магнитагорск мемлекеттік техникалық университетінің орыс тілі жалпы тіл білімі және бұқаралық коммуникация кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты О.В. Дорфман қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бойынша оқыту семинарын өткізді .
Атап айтқанда, семинарда педагогикалық технология адамдарды, идеяларды, проблемаларды талдау және жоспарлау, қамтамасыз ету, бағалау және проблемаларды шешуді басқару үшін қызметті ұйымдастырудың құралдары мен тәсілдерін қамтитын, білімді игерудің барлық аспектілерін қамтитын кешенді интеграциялық процесс болып табылатыны атап өтілді. Семинарда қазіргі заманғы білім берудің даму үрдістері, оқытудың белсенді әдістерінің технологиялары қаралып, педагогикалық шеберханалардың мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Кафедраның оқытушылары мен магистранттары сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамыту технологияларымен, интеграцияланған, сараланған және модульдік оқыту технологияларымен, жобалық оқыту технологияларымен танысты.
Семинар соңында жоғарғы оқу орнының оқытушылары өзара пікір алмасып, жинақталған педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.