2024 жылдың 4 қараша күні «Таза Қазақстан” акциясының аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті Жаратылыстану-техникалық факультетінің «Экология» мамандықтарының білімгерлері экологиялық акцияға шықты. Акцияның мақсаты-Талдықорған қаласының тұрғындары мен автокөлік иелерін қаланы таза ұстауға, автокөліктен қоқыстарды лақтырмауға, сауда үйлерінің маңында қоқыстарды тастамауға шақыру арқылы жас ұрпақты экологиялық мәселелерді шешуге үйрету.
Акция шарасында қала тұрғындарына және автокөлік иелеріне қаланы таза ұстауға арналған үндеулер таратылды. Сонымен қоса жатақхана ауласында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.