І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті AP23488199 «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» ғылыми жобасы аясында балабақшалармен тығыз байланыс орнатқан. Педагогика және психология факультеті оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Г.С. Майлыбаева, педагогика және психология кафедрасының оқытушы-дәріскері, п.ғ.к., Ж.Р. Жексембаева Талдықорған қаласы №42 балабақшасында кеңес беру, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізді. Балабақша меңгерушісі С.С. Сейлгазиновамен бірлестікте инклюзивті білім беру жағдайында мектепке дейінгі ұйымда қолайлы орта қалыптастыру мәселесінің өзектілігі мен шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы 4 курс студенттерімен балабақшада қолайлы орта туғызу мәселесін тәжірибеде жүзеге асыру барысы көрсетілді. Аталған жұмыстар жоғары оқу орны мен балабақша арасындағы байланысын нығайта түсуге, кәсіби құзіреттілік ауқымын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.