2024 жылдың 19 қарашасында, педагогикалық практика аясында 2 курс докторанты, «8D01504 Информатика» БББ студенті Есейкызы Ұ. ИПМ-111тобы «7М01503 — Информатика» БББ магистранттар үшін «Мультимедиа және дәстүрлі оқыту (Жасанды интеллект негізінде)» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында мультимедиялық технологиялар мен жасанды интеллектіні дәстүрлі білім беру процесіне енгізудің заманауи тәсілдері талқыланды. Жасанды интеллектінің білім беру саласындағы мүмкіндіктеріне, сондай-ақ мультимедиялық ресурстарды қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сабақ магистранттар арасында үлкен қызығушылық туғызып, олар тақырып бойынша белсенді пікір алмасып, талқылауға қатысты.