ERASMUS+ KA171 бағдарламасына қатысушыларды іріктеу комиссиясы Кадис университетіне қызметкерді жіберу үшін түскен өтініштерді бағалау процесін аяқтады.
Іріктеу нәтижесінде шет тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушы-дәріскері Тұрабай Гүлдана Келісқызы бағдарлама талаптарына сәйкес жоғары кәсіби құзыреттіліктерін көрсетіп, бағдарламаның талаптарына сай таңдалды.
Резервтік үміткер ретінде халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры м.а. Нургалиева Динара Базарбаевна таңдалды. Аталған үміткер де жақсы нәтижелер көрсетіп, жоғары біліктілігін растады.
Барлық қатысушыларға қызығушылық танытқандары және жақсы дайындалған құжаттары үшін алғысымызды білдіреміз. Іріктеу бағдарлама талаптарына сәйкес, ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ескере отырып жүргізілді.
#SDG #ЦУР #ТДМ