“Жас маман — 2025” атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  «Жас маман – 2025»  бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға 45-тен астам жұмыс беруші ұйымдар, кәсіпорындар өкілдері қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік және жеке меншік мекемелер, балабақша, мектеп, колледждердің басшылары, сондай-ақ өңірдің банк ұйымдары, Жетісу облысының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері, мемлекеттік мекемелер,  т.б. кәсіпорындардың басшылары шақырылды.

Университет қабырғасында жәрмеңке дәстүрлі түрде жылына екі рет өтеді. Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру. Жәрмеңке нәтижесінде бітіруші түлектер өздеріне керекті жұмыс орындарын тауып жұмысқа орналасады. Өткен жылғы жәрмеңке нәтижесінде университет түлектерінің 86%-ы жұмысқа орналасты.

Айта кетсек, биыл бакалавриатта 39 мамандық бойынша 880 студент университетті  бітіргелі отыр.

#SDG #ТДМ #ЦУР