«Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада

2024 жылдың 20 қарашасында 15:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, Гуманитарлық факультеті, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының 6В01601-«Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлері  арасында  ««Тарих»  білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада» өтілді.Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

І – Тест (40 сұрақ). Білімгерлер ежелгіден бастап, қазіргі заманға дейінгі барлық  кезеңдер бойынша жасалған сұрақтарға жауап берді.

ІІ – Презентация қорғау. Әр топ білімгерлерері өздерінің топтарының аттарын, ұрандары айтып, еркін тақырып негізінде презентацияларын қорғады.

ІІІ – Брейн-ринг. Барлығы 8-топ қатысып, оларға «Тарих» пәні негізінде сұрақ, бейнесұрақтар қойылып жауап берді.

Олимпиаданың нәтижесінде ІІІ кезең бойынша жалпы жиналған балдары есептеліп, білімгерлер І,ІІ,ІІІ-дәрежелі «Диплом» және қатысқандары үшін «Алғыс хаттармен» марапатталды.

1. ««Тарих»  білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада»  нәтижесінде Бас жүлде дипломмен «Ежелгі грек құдайлары» тобы марапатталды.

2. ««Тарих»  білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада»  нәтижесінде І-дәрежелі дипломмен «Nomad» және «Демократ» топтары марапатталды.

2. ««Тарих»  білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада» нәтижесінде ІІ-дәрежелі дипломмен «Turan» және «Алтын Орда» топтары марапатталды.

3. ««Тарих»  білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада»  нәтижесінде ІІІ-дәрежелі дипломмен «Аманат», «Қазақ комитеті» және «Алаш» топтары марапатталды.

««Тарих»  білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада»  қатысқан 49 білімгер «Алғыс хатпен» марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ