Құрметті ұстаздар, студенттер және білімге құштар жандар!
2024 жылдың 25 қарашасында, сағат 10:00-де, физика-математика факультетінің ұйымдастыруымен №2 оқу ғимаратының 301-аудиториясында «STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу» тақырыбында шебер-сынып өтеді.
🔹 Шебер-сыныптың мақсаты:
Оқу үдерісінде STEM және CLIL технологияларын тиімді қолдану тәсілдерін көрсету;
Жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, сабақ үлгісін модельдеу.
🔹 Кімге арналған:
Заманауи білім беру әдістерін меңгергісі келетін оқытушылар;
Жаңа технологияларды зерттеуге қызығушылық танытқан студенттер.
Іс-шараға шақырамыз!
Қосымша ақпарат алу үшін факультет кеңсесіне хабарласуыңызға болады.
Болашақ білімді бірігіп қалыптастырайық!