Шебер-сынып

2024 жылдың 25 қарашасында Физика-математика факультетінің оқытушылары Р.Е.Абдуалиева, Ж.У.Ахметов, Г.Д.Кастеева, Д.Е.Куатбаева ұйымдастыруымен «STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу» тақырыбында шебер-сынып өтті. 

Шараға университеттің профессорлық-оқытушы құрамы мен білім алушылары қатысты. Шебер-сынып барысында заманауи технологияларды қолдану арқылы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдары, STEM әдіснамасының артықшылықтары, CLIL (Content and Language Integrated Learning) технологиясының ерекшеліктері, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын оқу-әдістемелік жұмыстарда пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. 

Шебер-сыныптың мақсаты – ПОҚ инновациялық білім беру технологияларымен таныстырып, оларды оқу үрдісіне енгізу тәсілдерін үйрету. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Шара соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Шебер-сынып білім берудегі заманауи технологиялардың маңыздылығын көрсетіп, тың идеялар ұсынды.