28.11.2024 ж. Педагогика және психология факультетінің қауымдастырылған профессоры (доцент), пс.ғ.д. Наубаева Хапиза Танирбергеновна «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ППпм 211 топ магистранттарымен «Білім беру мекемелерінде арттерапия әдістерін пайдалану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты: арттерапия әдістеріне анықтама беру, оны тәжірибеде қолдануға үйрету.
Сабақ барысында «Көркем шығарма» терапиясы, «Бейнелеу өнері» терапиясы, «Би терапиясы», «Ермексаз терапиясы» атты терапияларына жеке-жеке тоқталып өтті.
Ашық сабаққа факультеттің профессор-оқытушылары құрамы қатысты.






