«Қыз – өріс, ұл – қоныс» деген ұғымды түсінген қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, оған үлкен көңіл бөлген. Олар «Қыз мінезді болсын, ұл өнерлі болсын» деп әрдайым айтып отырған. 2024 жылдың 29 қарашасында Ардагерлер ұйымының мүшелері қонаққа шақырылып, физика-математика факультетінің 1 курс студенттеріне «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Кешті ФҚ-211 курс студенттері жоғары деңгейде өткізді.