«Тәуелсіздік тұғырым!»

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы- дәріскері Н.Ермекова,  5-ші желтоқсан  2024 жылы,  1 курс білімгерлері, ИҚ111, МИҚ111, ИР111 топтарымен «Тәуелсіздік тұғырым!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Онда «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы» жөнінде видеоролик көрсетілді. Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы деп қорытындылады.