Камерино университетінің ERASMUS+ ka171 академиялық ұтқырлық бағдарламасы!

Құрметті студенттер!

2025 жылғы наурыз-шілде аралығында Камерино университетінің (Италия) ERASMUS+ ka171 бағдарламасына қатысу бойынша конкурс жариялаймыз. Аталған бағдарлама бойынша білім алу сізге өз мүмкіндіктеріңізді кеңейтуге, үздік профессорлардан білім алуға және Италияның ең көне жоғары оқу орындарының біріндегі студенттік өмірмен танысуға мүмкіндік береді.

Мақсаттары: мәдениетаралық және халықаралық құзыреттерді дамыту, жаһандық перспективаны дамыту және мәдениетаралық коммуникацияны жақсарту, зерттеу дағдыларын нығайту, өзекті жаһандық проблемаларды шешудегі инновациялық идеялар мен әдістерді ынталандыру

Конкурсқа «Экология», «География» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен докторанттары қатыса алады

 Талаптар:

 — GPA кемінде 3.0;

 — ағылшын тілінің деңгейі B2 деңгейінен төмен емес.

Қажетті құжаттар:

— Резюме;

— Транскрипт;

— Мотивациялық хат;

— Ұсыныс хат.

Бағдарламаны қаржыландыру ұшу, тұру және білім беру іс-шараларына қатысуды қамтиды.

 Өтініш берудің соңғы күні: 2024 жылғы 13 желтоқсан

 Өтінішті қалай беруге болады:

1. Келесі сілтеме бойынша өтінішті толтырыңыз: https://forms.gle/CNJQNSJfibxWprYLA

2. Түйіндеме, транскрипт, мотивациялық хат пен ұсыныс хатты тіркеңіз.

Бағдарлама және қатысу шарттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық орталығына хабарласыңыздар: бас оқу ғимаратының 309-кабинеті, тел.: +7(7282)40-10-19, ішкі тел.: 1157, электрондық пошта: intercenter@zu.edu.kz.

Кәсіби дағдыларыңызды дамытып, халықаралық білім беру қауымдастығының бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

#SDG #ТДМ #ЦУР