Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасында «2024-2025 оқу жылына арналған университеттің бюджеттен тыс қаражатынан ішкі виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Қазақстандық ғалымдарды оқытушылық қызметке тартудың жоспар-кестесіне» сәйкес, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Абдуллина Гульжан Темиршаровна 2024 жылғы 04 қарашадан 06 желтоқсанына дейін 7М01301 — «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарына «Planning and organization of research work» пәні бойынша дәріс оқыды. Дәріскер университет сертификаттарымен марапатталды.

